14.11.2012, 17:52 2880

Мәжіліс Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары білім алуға қол жеткізу мемлекеттік білім беру гранттары мен оқу ақысын жеке төлеуді үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты білім беру қызметтерін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қосымша құралы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізу қарастырылады. Бұл жүйе білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы Елбасының былтырғы жылғы жолдауында жүктелген тапсырманы орындауға бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары білім алуға қол жеткізу мемлекеттік білім беру гранттары мен оқу ақысын жеке төлеуді үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты білім беру қызметтерін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қосымша құралы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізу қарастырылады. Бұл жүйе білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы ретте заң жобасы кәсіптік білім беруді қаржыландырудың тиімді тетіктерін құруды, сапалы білім алуға қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерді арттыру мақсатында білім беру жинақтары жүйесін құқықтық реттеуді айқындайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны