27.10.2010, 14:54 6494

Мәжіліс мемлекеттік мүлік туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары ҚР "Мемлекеттік мүлік туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары ҚР "Мемлекеттік мүлік туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында, заң жобасы мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтық негіздердің қағидалары мен ережелерін анықтайтын заңнама базасын жетілдіруге бағытталғандығы атап көрсетілген.

Аталмыш заңжобасы 2010 жылдың 27-мамырында бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттардан мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі саласына қатысты нормаларды нақтылау туралы ұсыныс түскен болатын.

Осы сияқты тағы да бірқатар нормаларға түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары бүгін "ҚР мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны