03.02.2011, 12:20 5517

Мәжіліс мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "заң шығару бастамашылығы аясында Мемлекет басшысы енгізген Конституциялық толықтыруларды бұған дейін Парламент қабылдаған болатын. Ол заң кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуді жүзеге асыруға Конституциялық негіз қалайды. Осыған байланысты бүгін қаралып отырған жаңа заң жобасы еліміздің Конституциясындағы жаңа толықтыруларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "ҚР Президенті туралы" Конституциялық заңдар шеңберінде іске асыруға бағытталған", - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Президенті Икімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов.

"ҚР-дағы сайлау туралы" Конституциялық заңында кезектен тыс Президенттік сайлау ҚР Президентінің шешімімен тағайындалатыны және ол тағайындалғаннан кейін 2 ай мерзімде өткізілетініне көзделіп отыр.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы да кезекті сайлаудың тәртібімен өткізіледі деген нормамен толықтырылған. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды деп белгіленеді. Кезектен тыс сайлаудан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы 5 жыл өткен соң "ҚР-дағы сайлау туралы" заңда белгіленеді деп қарастырылған. "ҚР Президенті туралы" заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, кезектен тыс сайланған Президенттің ант беруі сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін 1 ай ішінде өтетін болады. Ант беру күнін ОСК айқындайды.

Конституциялық заңда кезектен тыс сайлауда ҚР Президенті болып сайланған адам Президенттік өкілеттік мерзімі аяқталғанша сақтайтын кезеңі айқындалған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "ҚР конституциясына толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда қабылдаған болатын.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құжатты Парламентке Мемлекет басшысы Конституцияның 53-бап, 1-тармақшасына және 91-бап, 1-тармағына сәйкес енгізген болатын.

Парламент қабылдаған заң ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің Конституциялық алғышарттарын белгілейді. Осыған байланысты парламент қабылдаған заң бойынша мемлекет басшысына кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындау бойынша Конституциялық құқық береді.

Ал, ондай кезектен тыс сайлау Конституциялық заңда белгіленген мерзімде өткізіледі. Яғни, Конституцияға енгізілген бұл толықтыру кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қамтамасыз етеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, 31-қаңтар күні семлекет басшысы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде ұсыныс білдірген болатын.

"Демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президент ретінде еліміздің биік мүдделерін басшылыққа ала отырып, мен референдум өткізбеу туралы шешім қабылдадым. Жұртшылықты бөлетін "референдум әлде сайлау" деген таңдаудың орнына мен халқымыздың еркі мен демократиялық қағидаттарға адалдығын ескеретін және бізді біріктіретін жолды ұсынамын. Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін", - деді Президент.

Ал мәжіліс президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі заң жобасын 1-ақпан күні өндіріске алған болатын.

Сондай-ақ, 2011 жылғы 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның құқықтық тағдыры туралы шешімін шығарды. Парламент депутаттары бұл заңды референдумды қолдау жөніндегі үндеуге қолдарын қойған бес миллионнан астам қазақстандықтың қалауын басшылыққа ала отырып қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны