23.12.2009, 13:13 2684

Мәжіліс міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру мақсатындағы келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сақтандыру қызметі туралы" заң уәкілетті органға сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін, егер оған ірі қатысушы болмаса құрамы мен жағдайы заңнамалық актілермен белгіленетін сақтандырудың міндетті түрлерін сақтандыру ұйымына жүзеге асыру құқынан айыратын өзгеріс енгізілетін болды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) арнайы салық тәртібі енгізілмейтін қызмет түрлерін нақтылауға қатысты өзгерістер енгізілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны