21.10.2015, 15:23 3857

Мәжіліс мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге енген өзгертулерді мақұлдады

Алматыныӊ көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесініӊ мүшелері мен қала прокуратурасы қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәсееле көтерді, деп хабарлады қала әкімдігі

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Алматыныӊ көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесініӊ мүшелері мен қала прокуратурасы қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәсееле көтерді, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған орай, келер жылдыӊ басына дейін автотұрақ инфрақұрылымыныӊ бірыӊғай Концепциясы жасалып, оныӊ құрамына тұрақ аймағы көрсетілген карта, стационарлы, аула ішіндегі автотұрақтар мен гараж кооперативтері енетін болады. Жеке инвесторларды тарта отырып, ақылы автотұрақтар құру жобасы қолға алынады. Ақылы автотұрақтар жүйесі 2016 жылдыӊ мамыр айында жұмыс істейді деп жоспарлануда, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Автотұрақтарға өзгеріс енгізуге тұрғындардыӊ көптеген шағымдары себеп болды. Мысалы, қадағалаушы органдар өкілдері "Алматы спецтехпаркинг сервисті" тексерген кезде кәсіпорында барлық бағыттар бойынша көптеген былықтардыӊ орын алғандығы анықталды.

Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалыныӊ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары Борис Джапаров:"Автотұрақтар мәселесі ойлантады, олар көлік қозғалысына кедергі келтіріп, көлік апатына себепкер болуда әрі ешқандай чек бермейді, жауапкершілікті мойындарына алмайды"-, деді.

Автокөлік тұрақтарыныӊ мәселесін дұрыс шешу, мегаполисте жол көлік қозғалысын жақсарту, мұндағы көлеӊкелі қаржы көздерін анықтау үшін бірқатар нақтылы шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, жалға берілген жерлердіӊ мерзімі біткендіктен әрі бұл жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағандықтан қайтарып алынады. Жол белгілері қойылатын аймақтар кеӊейтіліп, автокөлікті тасымалдаудыӊ арнайы техникасыныӊ саны артатын болады.

Келер жылдыӊ аяғына дейін 109 кезекшілік- диспетчерлік бірыӊғай базада байланыс орталығы құрылып, оған қала тұрғындары заӊсыз алынған ақша туралы хабарлай алады.

Жиын соӊында әкімдіктіӊ осы іске тікелей қатысы бар қызмет көрсету ұйымдарына қайтарып алынған жер учаскелеріне көп деӊгейлі паркингтер салу мәселесін жете зерттеу тапсырылды.

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы мүгедектерге Конституцияда, Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ басқа да азаматтармен теӊ мүмкіндіктері қамтылады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Заӊ жобасы 4 кодекс пен 20 заӊға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық қолдау туралы" ҚР заӊы мүмкіндігі шектеулі балалармен психологиялық-педагогикалық үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында толықтырулар мен өзгертулер енгізу қарастырылған", - деді Парламент Мәжілісініӊ депутаты Ирина Аронова.

Оған қоса, заӊ жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше бағыттарды қамтиды. Оныӊ ішінде көлік инфрақұрылымыныӊ қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сала қызметтерін жақсарту, ақпарат пен тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сонымен бірге құқықтық көмекті жетілдіру қамтамасыз етіледі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін баспана пәтерініӊ екінші қабаттан жоғары болмауы, басқа баспана берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға жол бермеу қарастырылып отыр.

Тұтастай алғанда, заӊ жобасын қабылдау мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіріп, оларды оӊалту саласындағы қызметтерін көрсетудіӊ тиімділігін арттырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі ескеріле отырып, оларда туындайтын кедергілер мен тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "Тұрғын үй қатынасы" туралы заӊ мүмкіндігі шектеулі адамдардар тұратын және тұруға жарамсыз тұрғын үйлерде хаттамалы рұқсат арқылы өзгертулер бойынша толықтырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны