22.12.2010, 16:33 4889

Мәжіліс "Назарбаев Университеті" мәртебесі туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжат Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы және 2010 жылғы Жолдауларына сәйкес әзірленген. Бұл Жолдауларда Елбасы Астанада ерекше қабылдау шарттары мен түлектерге қойылатын айырықша талаптары бар беделді инженерлік-оқу орнын құру туралы міндеттерін қойған болатын. Бұдан бөлек бүгінгі күні қолданыстағы "Білім туралы" заңда кең ауқымды дербестігі мен академиялық еркіндігі, қамқоршылық кеңес арқылы басқару жүйесі, студенттерді қабылдаудың өзіндік ережелері көзделмеген.

Сондай-ақ қолданыстағы заңнамадан қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындары санатындағы шетелдік әріптестермен бірлесіп білім бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі бар жоғарғы оқу орындарын құру және олардың жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Осыған байланысты аталған заң жобасын әзірлеу өзекті әрі уақытылы болып отыр.

Атап айтқанда, заң жобасы білім беру саласында жаңа басқару нысанын енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті. Университеттің және Зияткерлік мектептердің академиялық еркіндігі мен дербестігін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, құжатта білім беру саласында ең үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жаңа білім беру стандарттарын енгізу үшін жағдай жасалады. Депутаттар заң жобасына қатысты 80-нен астам түзету мен ұсыныс енгізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны