10.06.2009, 17:54 2675

Мәжіліс "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары бүгін "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл заң жобасына мәжіліс депутаттары Николай Турецкий, Жақып Асанов және Светлана Бычкова бастамашылық жасаған. Осы заң жобасы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2008 жылғы қарашаның 6-сындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру және қабылданатын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлыққа тартуы ықтимал факторларды жою мүдделерінде қарашадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы заң әзірлеу және қабылдау қажеттігі туралы берген тапсырмасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін әзірленген.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан белсенді демократиялық өзгерістер ахуалында заң шығармашылығы процесі мен құқық қолдану практикасының нәтижелерін талдау және қорыту заңнаманы елеулі түрде жаңарту әрі нормативтік құқықтық актілердің жалпы ауқымында заңдардың үлестік салмағы артуы сонымен бір мезгілде қабылданатын заңдардың сапасының жақсаруы мен артуына әкеп соқпайтынын көрсетті. Қабылданатын көптеген заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерінде әуел бастан сыбайлас жемқорлыққа тартуы ықтимал факторларға негіз қаланды.

Заң жобасында "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуінің міндеттілігі институтын заңнамалық түрде бекітуді көздейтін өзгеріс енгізу көзделген.

Жалпы отырыста заң жобасы жөнінде Мәжіліс депутаттары Николай Турецкий мен Рамазан Сәрпековтер баяндап берді. Заң жобасы толықтай мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны