29.09.2010, 16:54 4465

Мәжіліс Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Найроби шарты 1981 жылдың 26-қыркүйегінде Найробеде қабылданған. Шарттың 1-бабына сәйкес, бұған қатысушы кез келген мемлекет Халықаралық олимпиада комитетінің рұқсаты болған кезден басқа жағдайларда олимпиада рәмізін коммерциялық мақсатта таңба немесе басқа белгі ретінде пайдалануға тиісті шаралар жолымен тиым салуға міндетті. Атап айтқанда, қатысушы мемлекеттер Халықаралық олимпиада комитетінің жарғысында анықталған түрде, олимпиада рәмізінен тұратын немесе осы рәмізді қамтитын кез келген белгіні таңба ретінде тіркеуден бас тартуға немесе оның тіркелуін жарамсыз деп тануға міндетті",- деп айтылған қорытындыда. .

Сондай-ақ аталмыш шарт олимпиада рәмізін белгі ретінде коммерциялық мақсаттарда заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны