23.09.2009, 17:04 3112

Мәжіліс "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ислам Даму банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ислам Даму банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов баяндап берді. Ал палатада өткен талқылау туралы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тұрарбек Асанов түсіндірді.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" автомобиль жолдарын реконструкциялау жобасын іске асыру елдің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Және де бұл жоба халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырады, тиісінше еліміз арқылы транзиттік жүктердің жүк айналымы ұлғаяды. Бұл Қазақстан Республикасының барлық деңгейлеріндегі бюджеттерінің кіріс бөлігін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Транзиттің ішкі және сыртқы сауданың дамуынан, тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының төмендеуінен, агроөнеркәсіптік, машина жасау, өндіру секторларының және автожол саласын дамытудың басқа да көптеген аспектілерінің өсуінен көрінетін мультипликативтік әсері болады. Осы Жоба шеңберінде реконструкцияланатын учаскелер бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығы артады, жол сапасы айтарлықтай жақсарады және тиісінше жолдағы қауіпсіздік деңгейі артады.

Аталған жоба негізгі үш бөліктен тұрады. Оның ішінде 536 шақырымнан 593 шақырымға дейінгі 1-учаскедегі құрылыс жұмыстары, реконструкциялауды жобалау және қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтер және жобаны басқару консультанты қамтылған.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Жобаның техникалық-экномикалық негіздемесіне 2008 жылғы шілденің 24-інде экономикалық сараптама жүргізді. Сондай-ақ "Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің 2009 жылғы маусымның 12-сіндегі экономикалық сараптамасына толықтыру берді. Техникалық-экономикалық негіздеменің Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экологиялық сараптамасының 2008 жылғы наурыздың 7-сіндегі қорытындысы және "Мемсараптама" РМК-нің 2008 жылғы наурыздың 21-індегі оң қорытындысы бар.

Ислам Даму банкінің қарызы 170 млн. АҚШ долларына тең, қарызды республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру 25,402 млн АҚШ долларын құрайды. Қарызды өтеу мерзімі 4 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 20 жыл. Пайыздық ставка тіркелген болып табылады және жылдық 5,1 пайызды құрайды.

Тартылатын қарызға қызмет көрстету мен оны өтеуді Истисна'А келісімінде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады. Бұл заң жобасы толықтай мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны