13.06.2007, 10:46 1367

Мәжіліс Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын ЕурАзЭҚ-қа интеграциялау жөніндегі хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 13-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын ЕурАзЭҚ-қа интеграциялау жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Хаттама ережелерінде Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қол қойылған халықаралық келісімдердің бір бөлігі ЕурАзЭҚ-тың келісім-құқықтық базасына бейімделсе, бір бөлігі жойылып, үшінші бір бөлігі тараптар арасында күшке ие болады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттамаға 2006-жылдың 23-маусымында Минск қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны