26.09.2012, 10:19 2940

Мәжіліс отбасылық міндеттемелері бар ер мен әйелге тең қарауды ұсынатын конвенцияны мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы 156-конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Конвенция 1981 жылдың 23 маусымында Женева қаласында қабылданған.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс отбасылық міндеттемелері бар ер мен әйелге тең қарауды ұсынатын конвенцияны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы 156-конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Конвенция 1981 жылдың 23 маусымында Женева қаласында қабылданған.

Құжат асырауындағы балаларға қатысты отбасылық міндеттері бар еңбек ететін ерлер мен әйелдерге мұндай міндеттер олардың экономикалық қызметіне дайындалу, оған қол жеткізу, қатысу немесе оны ілгерілету мүмкіндіктері шектелген кезде қолданылады. "Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының мүшелігіне кіре отыра, оның жарғысында белгіленген қағидаттар мен құқықтарды орындап, Ұйымның барлық мақсаттарына қол жеткізуге міндеттелген болатын. Осы тұрғыдан алғанда 156-конвенция еліміздегі гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес әзірленді. Құжаттың мақсаты отбасылық міндеттемелері бар ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер белгілеу болып табылады. Конвенцияның ережелері көмекке шынымен мұқтаж немесе күтімді қажет ететін жақын туысқандарына қатысты отбасылық міндеттемелері бар еңбек етушілерге де қолданыла алады", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларына және еңбекшілердің барлық санатына қолданылады. Бұл ретте конвенцияның негізгі мақсаттарының бірі - отбасылық міндеттемелері бар азаматтардың еңбек құқықтарын кемсітушілікке жол бермеу, мүмкіндігінше кәсіби және отбасылық міндеттерді үйлесімді байланыстыруға жол ашу болып табылады. Вице-министрдің пікірінше, Қазақстанның ұлттық заңнамасы аталған конвенция ережелеріне сәйкес келеді.

Құжатты халықаралық еңбек ұйымының 41 мүше-мемлекеттері қабылдаған. ТМД елдерінен Ресей, Украина, Изірбайжан бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны