19.02.2014, 19:40 3652

Мәжіліс Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды

Пекин түзетуін 160-тан астам ел ратификациялады. Соның ішінде Орталық-Азия аймағының барлық елдері, ЕуроОдақ, АҚШ, Канада, Австрлия, Латин Америкасы, Белорусь, Украйна, Ресей Федерациясы бар. Кедендік Одақ елдерінен тек Қазақстан ғана Пекин түзетуі Тарабына қосылмаған.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Құжаттамамен таныстырған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев Монреаль хаттамасы озон қабатын бұзатын заттар бойынша 1987 жылы 16 қыркүйекте Жердің озон қабатын қорғау мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Пекин түзетуін 160-тан астам ел ратификациялады. Соның ішінде Орталық-Азия аймағының барлық елдері, ЕуроОдақ, АҚШ, Канада, Австрлия, Латин Америкасы, Белорусь, Украйна, Ресей Федерациясы бар.

Кедендік Одақ елдерінен тек Қазақстан ғана Пекин түзетуі Тарабына қосылмаған.

Пекин түзетуін ратификациялау арқылы еліміз гидрохлорфторкөмірқышқылының экспорты мен импортымен қамтамасыз етіліп, кез-келген мемлекетке/кез-келген мемлекеттен қаржылық көмек тартып, озон қабатын бұзатын заттарды қолдануға тыйым салуды енгізуде орта және шағын кәсіпкерліктің жоғалтатын қаржысын төмендетуге мүмкіндік жасайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны