20.05.2009, 11:42 1419

Мәжіліс пен сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Мәжіліс пен сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келіспеді. Регламентке сәйкес мұндай жағдайда қос палатаның арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясы құрылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Иділет органдары туралы" және Патент заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Заң жобасының мақсаты "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Идеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының ережелеріне сәйкес келтіру болып табылады, оған Қазақстан 1998 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен қосылған болатын.

Берн конвенциясы осы конвенцияны ратификациялаған елдердің (Одаққа мүше елдердің) әдеби және көркем туындыларын, туынды шығармаларын, қолданбалы өнер туындыларын, өнеркәсіптік үлгілерін, жаңалықтарын, жинақтарын, ресми мәтіндерін қорғау туралы қағидаларды көздейді. Конвенция Одақ елдерінің құқықтары мен міндеттерін, Одақтың атқарушы органдарының құрылымы мен міндеттерін, туынды авторларының мүліктік, мүліктік емес және кепілдендірілген құқықтарын, шығармаларды қорғауды шектеу, қорғау мерзімі, қорғалатын құқықтарды қорғау, қайта шығару, пайдалану, жазу құқықтары мен әдеби және көркем туындыларды қорғаудың өзге де мәселелерін нақтылайды.

Сондай-ақ заң жобасы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген жағдайда Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектісі туралы келісімге кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осыларға байланысты "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қорғалатын объектіге қол жеткізуді бақылайтын, құқық иеленуші рұқсат етпеген әрекеттердің жасалуына жол бермейтін немесе шектейтін техникалық құралдарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құжат заңды ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар туралы ережелермен толықтырады, олардың міндеттерін нақтылайды, осындай ұйымдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді. Сондай-ақ қызметтік өнертабыстарды пайдалануда мүліктік құқықтардың тиесілігіне қатысты өзгерістер енгізіледі.

Патент заңына өзгерістер автордың қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған өнертабысы, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты емес, бірақ қызметтік ақпаратты, жұмыс берушінің материалдық, техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау құжаттарын алуға құқықтарын нақтылайды.

"Иділет органдары туралы" заң мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды тіркеу міндетін әділет органдары жүзеге асыратыны туралы ережемен толықтырылатын болды.

Заң жобасын қарау барысында Қылмыстық кодекске және Икімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ заң жобасында уәкілетті орган ұғымына түзету жасалып, кейбір нормаларда авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерінің шеңбері кеңейтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны