20.05.2009, 12:37 1404

Мәжіліс пен сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Мәжіліс пен сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келіспеді. Регламентке сәйкес мұндай жағдайда қос палатаның арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясы құрылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұл жоба бойынша Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев түсінік берді.

Заң жобасында "Өсімдіктер карантині туралы", "Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Осы заң жобасында енгізіліп отырған нормалар пестицидтерге, яғни, улы химикаттарға мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібін реттейді және олардың айналымы саласындағы нормативтік базаны жетілдіреді.

Икелінетін және әкетілетін карантиндік өнімге рұқсаттық құжаттар беру мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін нақтылау бөлігінде "Өсімдіктер карантині туралы" Заңға өзгерістер енгізуге қатысты депутаттардың ұсыныстары қабылданды. Аталған өзгерістер әкімшілік кедергілерді азайту және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және көлік құралдарының өтуін жеделдету мақсаттарында қабылданды.

Заң жобасы бойынша құрылған салыстырмалы кесте 50 позициядан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны