20.05.2009, 11:41 1397

Мәжіліс пен сенат заңнамаға су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері жөніндегі түзетулердің жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Мәжіліс пен сенат заңнамаға су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері жөніндегі түзетулердің жобасы бойынша келісім комиссиясын құратын болды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келіспеді. Регламентке сәйкес мұндай жағдайда қос палатаның арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясы құрылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру және тәртіпке келтіруді мақсат етеді.

Заң жобасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Жер және су кодекстеріне, "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы", "Шаруа (фермер) қожалығы туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді.

Заң жобасы қабылданғанда қолданыстағы заңнамаларға мынандай сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады: жекелеген жобалаусыз және басқа да қала құрысының құжатынсыз құрылысқа жер учаскелері мен рұқсат беруге тыйым салынады; құрылысқа су заңнамасы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін келісім рәсімдері мен рұқсат берілуі нақтыланады; орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері міндетті түрде енетін жер комиссияларын құру рәсімдері, олардың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылының дәл тетіктері нақтыланады; "су қорғау жолағының" көрсеткіштері 20-дан 35 метрге дейін өзгеретін болды; жерді өздігінен басып алған, өздігінен құрылыс салған және табиғат қорғау заңнамасын бұзған адамдарға қатысты заңнамалық сипаттағы шаралар қатаятын болады.

Сенатта бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасын қарау барысында Сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі айтылды.

Сөйтіп, заң жобасына кейбір ережелердің мемлекеттік тілдегі аудармасына, сондай-ақ жобада пайдаланылатын ұғымдарды нақтылауға қатысты түзетулер енгізілді.

Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің, Жер және Су кодекстерінің, "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы", "Шаруа қожалығы туралы" заңдардың жария етілу бастаулары сәйкестендірілді.

Одан басқа "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына "Нормативті құқықтық актілер туралы" заңның талаптарына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны