23.01.2017, 21:09 4484

Мәжіліс Польша үкіметімен адамдардыӊ реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасын қарамақ

Ол уағдаласушы тараптар мемлекетініӊ аумағына заӊсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан уағдаласушы тараптардыӊ азаматтары, үшінші мемлекеттердіӊ азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар реадмиссиясыныӊ құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді көздейді.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада 20 қаӊтарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ Бюро отырысы өтті,- деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Онда алдағы жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс депутаттары Түркиямен арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптыӊ қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумды ратификациялау туралы заӊ жобасын қарайды деп күтілуде.

Меморандумда оқу-жаттығуды өткізу уақытында жіберуші тарап үшін қабылдаушы тарап ұсынатын қолдау көрсету стандарттары, типтері, деӊгейлері мен әдістері айқындалады.

Сонымен бірге, осы күні Палата Польша үкіметімен адамдардыӊ реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасын қарамақ.

Бұл келісім былтыр Варшава қаласында жасалған. Ол уағдаласушы тараптар мемлекетініӊ аумағына заӊсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан уағдаласушы тараптардыӊ азаматтары, үшінші мемлекеттердіӊ азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар реадмиссиясыныӊ құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны