03.04.2013, 17:11 3631

Мәжіліс порнографиялық басылымдарды саудалаудың жолын кесетін конвенцияны мақұлдады

Конвенцияда оған қосылған мемлекеттердің порнография саласындағы құқық бұзушылықтарды ашу, қудалау, оларды жазалау бойынша міндеттемелерді қабылдау көзделеді. Сонымен бірге, құжат бойынша порнографиялық өнімдердің айналымы криминализацияланады.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған,

1947 жылғы 12 қарашада Нью -Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулермен Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конвенцияда оған қосылған мемлекеттердің порнография саласындағы құқық бұзушылықтарды ашу, қудалау, оларды жазалау бойынша міндеттемелерді қабылдау көзделеді. Сонымен бірге, құжат бойынша порнографиялық өнімдердің айналымы криминализацияланады.

Атап айтқанда, порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату немесе көпшілікке көрсету мақсатында дайындау немесе сақтау, жеке өзі немесе басқа адам арқылы порнографиялық сипаттағы материалдарды айналысқа шығару қылмысқа жататын болады. Порнографиялық материалдардың кез келгенімен байланысты қоғамдық немесе жеке бизнесті жүргізу немесе соған қатысу, оларды сату мақсатында жарнамалау немесе жария етулер де криминализациялауға жатады.

Конвенцияны қабылдау қатысушы мемлекеттердің порнографиялық басылымдардың айналысына және оларды саудалауға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Осы саладағы бірыңғай келісілген саясат құрылып, порнографиямен күрес мәселелері бойынша бірыңғай жүйеленген құқықтық дерекқор қалыптастыру мүмкіндігі артады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны