24.05.2006, 12:57 3289

Мәжіліс республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің екінші мүшесін тағайындады

АСТАНА. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің екінші мүшесін тағайындады. Бұл қызметке Зинаида Загоскина қайтадан тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл шешім үшін отырысқа қатысқан 65 депутаттың 62-сі дауыс берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-мамырда өткен жалпы отырыста республика парламенті құпия дауыс беру арқылы республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп Ерлан Тұрлыбековты сайлаған болатын.

ҚР Ата заңының 44-бабы, 7-тармағына сәйкес, республика президенті республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен екі мүшесін 5 жыл мерзіммен тағайындайды. Сонымен бірге ҚР Ата заңының 57-бабы, 1-тармағына сәйкес, парламенттің әрбір палатасы екіншісінің қатысуынсыз Есеп комитетінің үш мүшесін 5 жыл мерзімге тағайындау құқығына ие.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны