28.05.2014, 22:30 3345

Мәжіліс сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қосымша баяндамасында "заң жобасы Қазақстан Елбасы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын орындау үшін әзірленді.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қосымша баяндамасында "заң жобасы Қазақстан Елбасы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын орындау үшін әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты - исламдық сақтандыруды енгізу, ислам банктерінің қызметіне едәуір қолайлы жағдайлар жасау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жолымен Қазақстан Республикасында толыққанды исламдық қаржыландыру жүйесін құру болып табылады",- деп хабардар етті депутаттарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны