18.05.2011, 15:55 3549

Мәжіліс салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - , Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын.

"Құжатты әзірлеудегі мақсат - халықаралық практикаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу және осындай шарттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Салық кодексінің қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылау қамтылады. Былтырғы жылы Үкімет екі мәрте Салық кодексіне бірқатар өзгерістерді енгізуге ұмтылған болатын. Осыған көптеген депутаттар қарсы шығып, жедел тәртіппен қаралатын заң жобаларына тиянақты қаралуы тиіс нормаларды енгізбеу қажеттігін алға тартқан еді. Соның нәтижесінде салыққа қатысты барлық өзгерістер жеке заң жобасы ретінде әзірленіп отыр", - деді құжатқа бастамашылық жасаған депутаттың бірі Сансызбай Есілов. Оның айтуынша, заң жобасымен салықтық әкімшілендірудің кейбір нормаларын нақтылауға бағытталған түзетулер және олардың әртүрлі түсіндірілуін болдырмау мақсатында нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер ұсынылады.

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасы бас комитетке екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны