21.11.2012, 15:29 2840

Мәжіліс салық салу мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қара және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қара және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға "ескерту" секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны