28.03.2007, 12:23 2414

Мәжіліс Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы" заңның жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісімде төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдай кезінде өзара көмек көрсету және зардап шеккен тұрғындарға тиімді әрі үйлестірілген көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бірлесе талпыну қарастырылған.Бұл тараптардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына түрткі болмақ",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Құжатқа сәйкес тараптар төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тез арада көмек көрсету үшін халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормалары мен принциптеріне және тараптардың заңнамаларының талаптарына бағына отырып өзара ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады.

Келісімге 2005-жылдың 26-қазанында Мәскеуде қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны