17.10.2012, 15:37 2930

Мәжіліс шартты түрде қаржыландыру мәселелерін қамтыған заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс шартты түрде қаржыландыру мәселелерін қамтыған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу сапасын арттыруды қарастырады. Сондай-ақ, заң жобасы бюджеттің дағдарыстық құбылыстардың және сыртқы теріс факторлардың ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз ету, әлемдік аренада Қазақстанның беделін арттыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасында шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар көзделіп отыр. Бұлар бөлінетін бюджеттік бағдарламада көрініс тауып, ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері жақсарған кезде іске асырылады. Бұдан бөлек, құжатта Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға өтеусіз негізде республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін донорлық жарна бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама енгізіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және Мәслихат аппараттарының бюджеттік бағдарламаларын пысықтау мен бекіту мерзімдері құжатта айқындалады.

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, шартты қаржыландырылатын шығыстар тетігі Үкіметке сыртқы нарықтық жағдай нашарлаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Ал шартты қаржыландырылатын шығын мөлшері шығынның жалпы мөлшерінің 4 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны