25.04.2007, 17:15 2949

Мәжіліс сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасында қылмыстық жолмен табылған мүлік пен кірісті тәркілеу мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасырғандық үшін жауапкершілікті, пара беру және делдалдық үшін жауапкершілікті күшейту, сонымен қатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының пара алғандығы үшін жауапкершілікке тартылуы қарастырылған",- деп түсіндірді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген аталмыш заң жобасы жөніндегі мәжілістің жұмыс тобының жетекшісі Валерий Досқалов.

Ол, құжатты дайындаушылар Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзерту енгізуге ұсыныс жасағандықтарын хабарлады. Ұсынысқа сәйкес тергеу бөлімінің бастығына қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, істі тоқтату және істі міндетті түрде прокурорға хабарлай отырып 24 сағатқа тоқтата тұру туралы қаулының күшін жою құқығы беріледі. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, аталмыш норма қылмыстық істі тергеу мен қылмысты ашуды жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Бірақ, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті мұндай өзгерістер енгізуге болмайды, деп санайды. Себебі, "бұл сыбайлас жемқорлыққа жол береді" деп атап көрсетті В. Досқалиев. Ол, сондай-ақ "бұл көзқарас мәжілістің екі салалық комитеттерінен де қолдау тапқанын" айта кетті.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін палатаның салалық комитетіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны