28.03.2007, 14:31 3086

Мәжіліс Сингапурмен қосарланған салықты болдырмау туралы келісімді мақұлдады

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сингапур үкімет арасындағы табысқа салынған салықтарға қатысты қосарланған салықты бодырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу және де оған Хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісмнің мақсаты жеке және заңды тұлғаларға - екі ел резиденттеріне қосарлы салық салуды болдырмау, сонымен қатар мәліметтер мен құжаттарды беру, тәжірибе алмасу, тергеулер жүргізу және алынған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану болып табылады",- деп айтылған Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Құжатқа сәйкес, салықтың кез-келген түрі бойынша ақпарат алмасу құпия болып табылады. Екі елдің өкілетті органдарының өкілдері аталмыш келісімде қарастырылмаған жағдайда қосарлы салықты болдырмау үшін өзара кеңес жүргізе алады.

Келісімге Сингапурде 2006 жылдың 19-қыркүйегінде қол қойылған. Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны