08.06.2011, 18:38 3426

Мәжіліс сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері жөніндегі заңжобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Аталған заң жобасымен облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің мәслихаттарына есеп беретін және өз құзыреті шегінде жергілікті деңгейде сыртқы мекемелердің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы тексеру комиссияларын құру мәселесі реттеледі.

Астана. 8 - маусым. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Мәжiлiсінің пленарлық мәжiлiсiнде "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев заң жобасын ұсына келе, "Аймақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" 2011 жылдың 2 мамырындағы ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Аталған заң жобасымен облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің мәслихаттарына есеп беретін және өз құзыреті шегінде жергілікті деңгейде сыртқы мекемелердің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы тексеру комиссияларын құру мәселесі реттеледі. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметіне әдіснама, біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жүктеледі. Заң жобасын қабылдау Мемлекет басшысының жергілікті бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білікті кадрларды тартуға, бақылау іс-шараларын жетілдіруге септігін тигізіп, бұның жоспарлығын, тиімділігін қамтамсыз етеді. Бұдан бөлек, тексеру комиссияларының жергілікті мемлекеттік билік органдарына тікелей тәуелділігін болдырмай, мемлекеттік шығыстарды оңтайландырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны