11.01.2007, 13:26 3106

Мәжіліс сотты сыйламаушылық мәселелеріне қатысты заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Сотқа деген сыйламаушылық таныту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші және екінші оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасында Икімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу Кодекстеріне сот билігінің беделі мен мәртебесін көтеру мақсатында және әділ сот жүргізуге кедергі келтіру мен сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту жолымен соттардың тәуелсіздігін нығайту мақсатында өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған",- деп көрсетілген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Икімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінде сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін жауапқа тарту қарастырылған. Сотқа сыйламаушылық таныту дерегі бойынша іс жүргізу ережесі регламенттелген. Бұл соттарға іс сотта қаралып жатқан кез-келген сәтте осындай дерек бойынша іс жүргізе бастауға мүмкіндік береді.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны