05.09.2016, 11:23 1995

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жаӊа сессиядағы алғашқы Бюро отырысы өтті

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жаӊа сессиядағы алғашқы Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстыӊ күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Мәжілістіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жаӊа сессиядағы алғашқы Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстыӊ күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Мәжілістіӊ баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары назарына "1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердіӊ аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердіӊ отбасыларына арналған жеӊілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заӊ жобасын талқылау ұсынылады.

Сонымен қатар, тағы да бірқатар ратификациялық құжаттарды жұмысқа қабылдау көзделген. Олар: Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктіӊ Төмен байытылған уран банкін құру, Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өӊірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімдерді, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеӊберінде екі елдіӊ уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.

Осы күні экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл және де жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заӊ жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны