01.03.2007, 13:10 3215

Мәжіліс тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол бөлігі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол бөлігі бойынша тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Ресейдің көршілес елдің аумағында орналасқан темір жол бөліктері бойынша тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу тәртіптерін айқындауға саяды",- деді көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов.

Келісімге 2006-жылдың 15-тамызында Сочиде қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны