07.12.2016, 17:06 4571

Мәжіліс тәуелсіздіктіӊ жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заӊ жобасын мақұлдады.

Бүгін Парламент Мәжілісініӊ Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен Палатаныӊ жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊ жобасын мақұлдады.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісініӊ Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен Палатаныӊ жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊ жобасын мақұлдады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Бұл заӊ жобасы тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен алғашқы рет енгізілді. Осы орайда, Президентіміз қателік жасаған азаматтарға кешірім жасап, олардыӊ жаӊа өмір бастауына жол ашып отыр. Бұл тәуелсіз еліміздіӊ шын мәнінде демократиялық және өркениетті ел болуыныӊ нақты көрсеткіші,-деп атап өтті.

Заӊ жобасында азаматтардыӊ әлеуметтік осал санаттары - кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардыӊ жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға, I, II және III топтағы мүгедектерге, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға, Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теӊестірілген адамдарға, әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердіӊ жесірлеріне, сондай-ақ күйеулері соғыс мүгедектері және оларға теӊестірілген адамдар болып табылатын әйелдерге қатысты рақымшылық жасау ұйғарылып отыр.

Барлық қылмыстық істер мен соттар қарамаған істер бойынша, қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделіп отыр. Сотталған адамдардыӊ жекелеген санаттары үшін жаза мерзімініӊ өтелмеген бөлігін айыппұлмен немесе бас бостандығын шектеумен ауыстыру немесе оны қысқарту рәсімін қолдану мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар, заӊ жобасында рақымшылық жасау актісі қолданылмайтын адамдардыӊ аясы белгіленеді. Бұл жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар; террористік және экстремистік қылмыстар; азаптаулар жасаған адамдар; рецидивистер; өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланған, сондай-ақ кешірім жасау тәртібімен өлім жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, бұрын рақымшылық жасалған немесе кешiрiм жасалған және қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдар; қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ қылмыстық заӊда белгіленген бірқатар өзге де қылмыстар жасаған адамдар.

Осы күні Палата өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта негізгі үш бағыт бойынша, олар: өсімдіктер дүниесіне, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты бірқатар жаӊа нормалар енгізіліп отыр.

Жалпы отырыста "Жайылымдар туралы", "Пробация туралы", "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және оларға ілеспе заӊ жобалары екінші оқылымда депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Мәжілісмендер бұл күні Жоғары Сот Кеӊесі туралы Заӊға өзгерістер енгізуге қатысты, сондай-ақ, кейбір конституциялық заӊдарға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заӊ жобасы, сонымен бірге, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заӊ жобаларын жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыста зияткерлік меншік саласындағы заӊнаманы жетілдіру және электр энергетикасы мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заӊ жобалары бойынша да бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалды.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Польшамен адамдардыӊ реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау заӊ жобасын жұмысқа алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны