17.01.2007, 13:37 2874

Мәжіліс телефонмен сөйлесуді жасырын тыңдауға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылауға кірісті

АСТАНА. 16 қаңтар . Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының шұғыл іздестіру қызметіне қатысты мәселелер бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын талқылауға кірісті. Ол заң жоба телефонмен сөйлесуді жасырын тыңдауға мүмкіндік беруді қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетіне заң жобасын ұсынған бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев шұғыл іздестіру қызметі туралы қазіргі заң "ескірді және қылмыстарды ауыздықтауға толық мүмкіндік бермейді" . Осыған байланысты Қылмыстық-процессуалдық кодекске (ҚПК) және "Шұғыл іздестіру қызметі туралы" заңға өзгертулер енгізуді ұсынамыз деді.

Атап айтқанда, ҚПК 237 бабына "орташа ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктінің телефонмен және басқада сөйлесу құралдарымен сөйлескенін бейне және аудиотехниканы, немесе, арнайы техникалық жабдықтарды пайдалана отырып жасырын тыңдау мүмкіндігін жасау" туралы ұсыныс айтылуда.

А.Дауылбаевтың айтуынша, статистикалық мәліметтерге сай , тіркелген қылмыстардың басым бөлігі орташа ауыр, былай айтқанда бопсалау, ұрлық, есірткі тарату сияқты қылмыстар. Мәселен, 2004 жылы жасалған орташа ауыр және шағын қылмыстар тіркелген қылмыстардың 70% құрайды, 2005 жылы 75% ал 2006 - жылы 78%-тен жоғары болды.

"Шұғыл іздестіру шараларын ұйымдастыратын органдарда , телефонмен сөйлесу, абоненттік байланыстарға жіті сараптама жүргізу арқылы және телефондарды тыңдау арқылы қылмыс жасағандарды , олардың мекен-жайын анықтайтын жақсы тәжірибе қалыптасқан. 2004 жылы ішкі істер органдары байланыс компанияларының мүмкіндігін пайдалана отырып 35% қылмыстың бетін ашты, іздестіруде жүрген қылмыскерлердің 8% табылды"-деді ол.

"Орташа ауыр қылмыстар бойынша арнайы шұғыл іздестіру шараларын енгізу қылмыстың алдын алып, дер кезінде құрықтауға ғана емес, сонымен қатар экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың бетін ашуға да мүмкіндік береді. Кейде тек осындай әдіспен ғана қылмыскердің кім екенін анықтауға болады",-дейді А. Дауылбаев.

Аталған түзету депутаттар арасында пікірталас туғызды. Нақтырақ айтсақ, мәжілісмен Валерий Доскалов пен Сергей Жалыбин мұндай түзетудің қажеттілігіне күмән келтіретіндерін айтты, себебі бұл ұсынысты "демократиядан "алшақтау" деп бағалауға болады. Осыған байланысты, комитет төрағасы С.Жалыбин аталған заң жобасын парламент мәжілісінде жұмыс істеп жатқан қоғамдық сарапшылар палатасының қарауына жіберуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны