25.12.2013, 21:33 2917

Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің ИШҚ қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді мақұлдады

Өз сөзінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі Абай Тасболатов тараптардың ынтымақтастығы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын кезекшілердің іс-қимылдарының тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатындығын түсіндірді.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс ТМД қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы ратификациялық келісімді мақұлдады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

"Өз сөзінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі Абай Тасболатов тараптардың ынтымақтастығы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын кезекшілердің іс-қимылдарының тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылатындығын түсіндірді", - делінген хабарламада.

Тараптар арасында өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Иуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысжөніндегі кезекшілерінің іс-қимылдары бойынша бірлескен жаттығуларын жыл сайын әзірлейді және өткізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны