25.02.2015, 17:15 3680

Мәжіліс ТМД-ға қатысушы елдердіӊ ықпалдасқан валюта нарығын ұйымдастыру жөніндегі келісімді ратификациялады

Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы ұйымына қатысушы елдердіӊ ықпалдасқан валюта нарығын ұйымдастыру келісімін ратификациялау туралы» заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы ұйымына қатысушы елдердіӊ ықпалдасқан валюта нарығын ұйымдастыру келісімін ратификациялау туралы» заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
«Құжат ТМД-ға мүше мемлекеттердіӊ ықпалдастырылған валюта нарығында шетелдік валюталармен конверсиялық валюталық операциялар жасау кезінде резидент банктердіӊ теӊқұқылы болуына жағдай жасауды қарастырады», делінген Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ шешімінде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.
Бұл келісім бойынша, тараптардыӊ әрқайсысы екінші жақтыӊ резидент банктеріне банкаралық конверсиялық операциялар жасау үшін өздерініӊ валюталық нарығына кіруге мүмкіндік жасайды.
«Келісім талаптарын жүзеге асыру, өкілетті органдардыӊ жұмыстарын үйлестіру және екіжақты тараптардыӊ ережелері мен жалпығабірдей халықаралық тәжірибеге негізделген, ықпалдастырылған валюта нарығына қатысушыларға қойылатын талаптарды келісу үшін, сонымен қатар банкаралық конверсиялық операцияларды жүзеге асыруда бәсекеге қабілеті орта қалыптастыру - қаржы-валюта нарығындағы қатынастарды жүзеге асыратын ТМД органына жүктеледі»,-делінген комитет мәліметтерінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны