03.09.2009, 15:15 5455

Мәжіліс төрағасы депутаттар алдына жаңа бюджет жылында қаржылық тәртіпті сақтау міндетін қойды

Мәжіліс төрағасы депутаттар алдына жаңа бюджет жылында қаржылық тәртіпті сақтау міндетін қойды

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс төрағасы депутаттар алдына жаңа бюджет жылында қаржылық тәртіпті сақтау міндетін қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов палатаның алғашқы жалпы отырысында кіріспе сөз сөйледі. Онда мәжіліс төрағасы Елбасының парламентке берген тапсырмалары, палатаның алда тұрған міндеттері, биыл талқыланып қабылдануға тиісті заңдар туралы айтып өтті.

"Біз биыл шетелдерге іссапарларды едәуір қысқартып, қымбат бағалы электрондық жабдықтарды, автомашиналарды сатып алуға, арнайы үй-жайларды күрделі жөндеуге, гараж салуға және қызметтік пәтерлерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан бас тарттық. Дағдарыс уақытындағы жағдайларға сәйкес біз бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатаң үнемдеуге көшіп, қаржылық тәртіпті қатайттық. Жаңа бюджет жылында да осы шараларды сақтаймыз деп ойлаймын",- деді О.Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны