28.03.2012, 15:56 3423

Мәжіліс төрағасы энергетика саласы туралы заң жобасын жан-жақты жетілдіру туралы ұсыныс жасады

"Электр қуатының 25 пайыздан астамы магистралдық, ішкі орамдық жүйелерде шығынға ұшырайды. Егер біз тұтынушылар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жасалуы керек. Бірақ осы саланы түгелдей жаңғыртпасақ, 1940 жылдардан бізге жеткен электр жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізбесек, ертеңгі күні біз энергетикалық апатқа ұшырауымыз ықтимал.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Палатаның жалпы отырысында қызу талқыға түскен электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол заң жобасының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Электр қуатының 25 пайыздан астамы магистралдық, ішкі орамдық жүйелерде шығынға ұшырайды. Егер біз тұтынушылар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жасалуы керек. Бірақ осы саланы түгелдей жаңғыртпасақ, 1940 жылдардан бізге жеткен электр жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізбесек, ертеңгі күні біз энергетикалық апатқа ұшырауымыз ықтимал.

Сондықтан бұл саланы дамыту жөніндегі белсенділікті қолдау қажет. Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттемей тұрып, бұл заң жобаны екінші оқылымға шығармаймыз. Біз енді ұзаққа созбай, экономиканың осы бір маңызды саласын Президенттің тапсырмасы бойынша нарық талаптарына сәйкес келтіруіміз керек. Басқаша болуы мүмкін емес", - деді Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин.

Осы орайда Палата төрағасы жұмыс тобы мен салалық комитетке заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында бірге жұмыс істеу үшін кәсіпкерлер қауымдастығын, осы нарықта жұмыс істейтін барлық ұжымның өкілдерін шақыруды ұсынды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны