26.05.2006, 11:09 2985

Мәжіліс төрағасы Еуропа Парламенттік ассамблея кеңесінің мүшесі Тадеуш Ивинскимен кездесті

АСТАНА. 26-мамыр. Kazakhstan Today. Кеше парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Еуропа Парламенттік ассамблея кеңесінің социалистік тобының мүшесі Тадеуш Ивинскимен кездесті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы қонаққа парламенттің құрылымы, еліміздегі саяси-экономикалық жағдай және БАҚ еркіндігі, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс туралы әңгімелеп берді. Мемлекетіміздегі реформаларды жүзеге асыру үшін қандай заңдар қабылданып жатқанын баяндап өтті. Қазақстан парламенті мен Еуропа парламенттік ассамблеясы арасындағы байланыс жоғары бағаланатынын жеткізді. Еуропалық кеңеске кіретін елдермен тығыз байланыс орнатылған. Қазақстанға келіп жатқан шетелдік инвестицияның да басым үлесі осы елдерге тиесілі.

Т.Ивински өз кезегінде Еуропа парламенттік ассамблеясы төрағасының сәлемін жеткізді. Қазақстанның саяси дамуымен таныс екенін айта келіп, еліміздегі діндер түсіністігі мен ұлттар татулығы үлгі аларлық деңгейде екенін мәлім етті.

“Ирине, Еуропада парламентаризмнің дамуы ертерек басталғаны анық. Алайда, біздер үйретуші, сіздер үйренуші емес, тең әріптес ретінде тәжірибе алмасуымыз қажет”, — деді ол сөзінің соңында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны