02.09.2007, 12:40 1471

Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды

Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.

"Кеше "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысы өтті, оған президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық жасады. Біздің фракция мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасын ұсынып отыр", - деді Б. Жұмағұлов. "Ол мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өтті, премьер-министрдің орынбасары болды", - деді Б.Жұмағұлов.

Мәжілістің төрағасы қызметіне басқа қандайбір кандидатура ұсынылған жоқ. Конституцияға сәйкес депутаттар мәжіліс спикерінің кандидатурасы бойынша құпия дауыс беруге көшті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны