17.04.2018, 19:05 3768

Мәжіліс Төрағасы Марокко Корольдігініӊ елшісін қабылдады

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде біздіӊ елдеріміз арасындағы байланыс сындарлы дамып келеді.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Марокко Корольдігініӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абделжалил Саубриді қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Марокко Қазақстанныӊ Солтүстік Африкадағы маӊызды әріптесі екенін айтты.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде біздіӊ елдеріміз арасындағы байланыс сындарлы дамып келеді.

Мәжіліс Спикерініӊ пікірінше, БҰҰ, ИЫҰ, Африка Одағы ұйымдары деӊгейінде халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздіӊ елдеріміздіӊ ұстанымы өте жақын. Осы ретте Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықаралық қақтығыстарды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға баса назар аударатындығыныӊ маӊыздылығына тоқталды.

Одан әрі кездесу иелері сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестік жайын талқылады.

Н. Нығматулинніӊ айтуынша біздіӊ елдеріміз арасында көлік-логистика саласын пайдаланудыӊ әлеуеті зор. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында өзара іс-қимылды тереӊдетудіӊ мүмкіндігі мол.

Сонымен бірге, машина жасау, ауылшаруашылығы, "жасыл энергетика" салаларында ынтымақтастықты күшейту басым бағыттардыӊ бірі болып табылады.

Өз кезегінде Абделжалил Саубри біздіӊ елдеріміз арасындағы саяси әрі дипломатиялық қатынастыӊ өте жоғары деӊгейде екенін және Марокко өзара ықпалдастықты одан әрі тереӊдетуге ынталы екенін жеткізді.

Тараптарпарламентаралық байланыс жайын сөз еткендеынтымақтастық жөніндегі топ, сондай-ақ, бейінді комитеттер төӊірегінде әріптестік Қазақстан мен Марокко арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға зор ықпал ететінін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны