08.01.2018, 14:23 4116

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Ақмола облысы тұрғындарымен кездесті

Бұл облыста былтыр ғана Елбасыныӊ қатысуымен жаӊа индустриялық -технологиялық парк ашылды. Еліміздіӊ индустрияландыру картасы бойынша 223 млрд. теӊгеніӊ 76 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 7,7 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 528,3 млрд.теӊгеніӊ 11 жобасын іске асыру жоспарланған. Ол 4,3 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттарыныӊ аймақтарға іссапары барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысыныӊ орталығы, Көкшетау қаласына келді.

Еӊ әуелі "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған Мәжіліс Спикері көпсалалы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жайымен танысты. Мұнда ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылыққа қажетті техника құрастырылады. Жалпы алаӊы 6 гектардан астам жерді қамтыған кәсіпорын бүгінде инновациялық талапқа сай жемісті жұмыс атқарып келеді.

Сапар барысында Н. Нығматулин "Көкшетау минерал сулары" кәсіпорны жұмысшыларымен кездесті. Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы бабаларымыз сары жайлау атаған, сұлу Көкшетау еліміздегі тарихы бай қалалардыӊ бірі екенін, Елбасыныӊ тұрақты қамқорлығыныӊ арқасында жыл сайын көркейіп, бүгінгі күніболашағы жарқын, мақсаты айқын, іргелі мекенге айналғанын атап өтті.

Мәселен, Ақмола облысы еліміздегі ірі астықты өлке ретінде Қазақстан бойынша бидайдыӊ төрттен бір бөлігін өндіріп, әрбір отбасыныӊ, әрбір шаӊырақтыӊ дастарханын ас атасы - қасиетті нанмен толтырып отыр.

Бүгінде әлемніӊ 26 еліне астық экспорттап, Қазақстанымыздыӊ экономикалық дамуына да үлкен үлес қосуда.

Бұл облыста былтыр ғана Елбасыныӊ қатысуымен жаӊа индустриялық -технологиялық парк ашылды. Еліміздіӊ индустрияландыру картасы бойынша 223 млрд. теӊгеніӊ 76 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 7,7 мыӊ жаӊа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 528,3 млрд.теӊгеніӊ 11 жобасын іске асыру жоспарланған. Ол 4,3 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл облыс өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, инвестициялар тарту және тұрғын-үй құрлысы салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанымыздағы аграрлық-индустриялық аймаққа айналып келеді.

Н. Нығматулин атап өткендей, кәсіпкерлік саласында да мыӊдаған нысан ашылған. Соныӊ ішінде, тәуелсіздіктіӊ құрдасы саналатын "Көкшетау минерал сулары" зауыты 100-ге жуық сапалы әрі табиғи өнім шығарып, жыл сайын бәсекеге қабілеті артып келеді.

Өз сөзінде Мәжіліс Спикері Қазақстанымыздыӊ 26 жыл ішіндегі табыстарына тоқталды. Ол болашақты болжай отырып, егемен еліміздіӊ тірегіне айналған Елбасыныӊ дана саясатыныӊ жемісі.Сонымен бірге, Президентіміздіӊ әрбір бастамасына бір кісідей қолдау көрсеткен халқымыздыӊ ынтымағыныӊ нәтижесі.

Мәжіліс Төрағасы болашақ жоспарлармен бөлісіп, Мәжілістіӊ сессия басталғаннан бергі заӊ шығармашылық қызметіне қатысты ақпараттарға тоқталды.

Мәжіліс Төрағасыныӊ айтуынша Палата өз қызметінде Елбасыныӊ "Қазақстан - 2050" даму бағдарламасын, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын, "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламаларын заӊ тұрғысынан қамтамасыз етуге баса көӊіл бөледі. Осы ретте Мәжіліс қарауында сессия басталғанда барлығы 80 заӊ жобасы болса, оныӊ 42-сі мақұлданған. 12 заӊ жобасына депутаттарөздері бастамашы болды. Бүгінгі күні 33Заӊға Президенттіӊ қолы қойылып, өз күшіне енді.

Осыдан кейін Мәжіліс Спикері "Авиценна" емдік-профилактикалық мекемесінде болып, ақ халаттылармен кездесті.

Дәрігерлер алдында еліміздіӊ медицина саласындағы жетістіктер жайында және Елбасы жүктеген болашақ жоспарлар турасында баяндады. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Көкшетауға сапары жайында Н. Нығматулин:

-Бүгін біз Ақмола облысында ауыл халқымен және әртүрлі сала мамандарымен кездесіп, көптеген сұрақтарды талқыладық. Исіресе, Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерге баса көӊіл бөлінді. Көптеген ұсыныстар, көптеген пікірлер, соныӊ ішінде проблемалар да айтылды. Олардыӊ барлығы алдағы заӊ шығару жұмысымызда ескерілетін болады,-деді.

Палата Спикерініӊ пікірінше, Мәжіліс депутаттарыныӊ аймақтарға сапары, халық үшін де, депутаттар үшін де өте маӊызды.Өйткені, бұл кездесулер ортақ мәселелерді тікелей талқылап, тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны