21.02.2018, 12:33 8660

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Франция елшісін қабылдады

Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин Францияныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэні қабылдады

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин Францияныӊ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэні қабылдады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Н. Нығматулин атап өткендей, Франциямен жан-жақты және өзара тиімді байланысты нығайту Қазақстанныӊ сыртқы саясатындағы басым бағыттардыӊ бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстыӊ орнағанына 25 жыл толса, биылғы жылы Қазақстан мен Франция арасында стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде сенімді саяси үнқатысумен қатар, түрлі бағыттарда өзара іс-қимыл табысты дамып келеді.

Мәжіліс Төрағасы Еуроодақ біздіӊ еліміздіӊ маӊызды сыртқы саяси және ірі сауда әріптесі екенін алға тарта келіп, алдағы уақытта елдеріміз Қазақстан мен аталған одақ арасындағы кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімніӊ әлеуетін толыққанды пайдалана алатындығына сенім білдірді.

Елбасы белгілеп берген 10 басым бағытты жүзеге асыру аясында Палата Спикері франциялық әріптестердіӊ инновациялық технологиялар, цифрландыру саласын заӊнамалық қамтамасыз ету тәжірибесініӊ қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Өз кезегінде елші Қазақстан мен Франция тек саяси, стратегиялық қана емес, экономикалық маӊызды әріптестер екенін сөз етіп, болашақта екіжақты және көпқырлы, сондай-ақ парламентаралық ықпалдастықты жан-жақты нығайтуға ынталы екенін жеткізді.

Сонымен бірге, тараптар ынтымақтастық жөніндегі топтар қызметініӊ белсенділігін арттыра отырып, тұрақты кездесулер мен іс-сапарлар алмасу арқылы парламентаралық іс-қимылды одан әрі дамытатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны