01.02.2007, 14:22 3211

Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын 9-ақпанда өткізу туралы қаулыға қол қойды

АСТАНА. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов парламент палаталарының бірлескен отырысын 9-ақпанда өткізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі палаталар аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасының Конституциясының 58-бабының 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының парламент палаталарының бірлескен отырысы Астанада 2007 жылдың 9-ақпанында 10 сағатта өтеді",- деп көрсетілген құжатта.

Бұрын хабарлағанымыздай, палаталардың бірлескен отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Конституцияға сәйкес, үкімет бағдарламасы туралы баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны