06.10.2015, 13:48 3693

Мәжіліс төрағасы Ресейден және Тәжікстаннан келген әріптестерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов "Еуразиялық экономикалық перспектива" халықаралық форумы барысында Ресей және Тәжікстан парламенттері палаталарыныӊ төрағаларымен екіжақты кездесу өткізді

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов "Еуразиялық экономикалық перспектива" халықаралық форумы барысында Ресей және Тәжікстан парламенттері палаталарыныӊ төрағаларымен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтар болсақ, Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимылдыӊ өзекті сұрақтарын, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайын талқыланды.

Қабиболла Жақыпов форум талқысына ұсынылған ЕАЭО мәселелерініӊ Қытайдыӊ "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бастамаларымен түйісуініӊ маӊыздылығына тоқталып, оныӊ аймақтағы барлық елдер үшін экономикалық зор тиімділігін атап өтті.

Сергей Нарышкинніӊ айтуынша, ЕАЭО Армения мен Қырғызстанныӊ қосылуы, басқа да елдердіӊ қызығушылығы аталған экономикалық бірлестіктіӊ әлеуетініӊ жоғары екендігін көрсетеді.

Мемлекеттік Дума төрағасы барлық деӊгейде қазақстандық- ресейлік ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, екі елдіӊ парламенттік өкілдерініӊ түрлі халықаралық алаӊдардағы жұмысына көӊілі толатындығын білдірді.

Тәжікстан Оли Мәжілісініӊ төрағасы Шукурджон Зухуров Мәжіліс Спикерімен жүздесу барысында екі ел қарым-қатынасыныӊ стратегиялық сипатына назар аударды. Ш.Зухуровтыӊ айтуынша, біздіӊ еліміздіӊ әсіресе, экономикалық саладағы табыстары Қазақстанныӊ инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуде. Сонымен қатар, Тәжік парламентініӊ өкілі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ әлемдік қауымдастықтыӊ қолдауына ие болып отырған бастамаларыныӊ өзектілігіне тоқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны