23.01.2013, 11:52 3437

Мәжіліс төреліктің және аралық соттың қызметі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасына қатысты жұмыс жүргізген Иділет министрлігі аралық соттардың және төреліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың жай-күйін талқылай келе осы саладағы проблемаларды анықтап, халықаралық тәжірибені зерделеді. "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" заңдар 2004 жылы қабылданған. Осы заңдар сегіз жыл бойы қолданыста болғанымен, олар осы институттардың кеңінен қолданылуына серпін бере алмады.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң жобасына қатысты жұмыс жүргізген Иділет министрлігі аралық соттардың және төреліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың жай-күйін талқылай келе осы саладағы проблемаларды анықтап, халықаралық тәжірибені зерделеді. "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" заңдар 2004 жылы қабылданған. Осы заңдар сегіз жыл бойы қолданыста болғанымен, олар осы институттардың кеңінен қолданылуына серпін бере алмады.

Бүгінде дамыған елдерде экономикалық және халықаралық-құқықтық дау-дамайлардың 70-80 пайызы аралық соттардың іске араласуын талап етеді. Қазақстан да нарықтық экономикасы дамыған елге айналып, жыл сайын бизнес ортасы жақсарып келеді, инвестиция тартуға тартымды мемлекет болып отыр. Сондықтан, осы салада кикілжіңдердің туындауы да заңды",- деді аталмыш құжатқа қатысты баяндама жасаған ҚР Иділет министрі Б.Имашев. Министр Заң жобасына енгізілетін өзгерістердің ұтымды тұстарына тоқталып өтті.

"Біріншіден, төреліктің және аралық соттың құзіреттерін қолданыстағы заңнамада көзделгендей азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейту ұсынылады. Екіншіден, халықты кеңінен хабардар етіп отыру үшін, тиісті норма арқылы тұрақты жұмыс істейтін аралық сот, оның заңды мекен-жайы, жұмыс регламенті, аралық соттардың тізімі туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланатын болады. Үшіншіден, аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнаманы жетілдіруді де редакциялық сипаттағы түзетулер енгізу арқылы жүзеге асыру ұсынылады",- деді Б.Имашев.

Министр Заң жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық салдар тудырмайтынын, заң жобасының іске асырылуы мемлекеттік шығындардың ұлғаюына, мемлекеттік кірістердің азаюына әкеліп соқтырмайтынын хабарлаған соң депутаттар талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны