02.05.2007, 14:01 2735

Мәжіліс "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ""Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасында "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 20-бабының ережелерінің құзыры (үй иесі үйінде тұрмаған жағдайда оның құқықтары мен міндеттемелері күшін жоймайтындығы туралы) ҚР Азаматтық кодексі мен осы заңның 28-бабында қарастырылған оқиғаларға үй иесінің сол үйде тұрмаған мерзіміне қарамастан жүрмейді деп қарастырылған",- деп айтылған мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасын жасаушы авторлардың бірі, мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалиновтың түсіндіруінше, "осынау түзетуді енгізу туралы бастама кейбір қалаларда қараусыз қалған үйлердің пайда болуына және жергілікті атқарушы биліктің оларды соттың шешімімен коммуналдық меншікке беру арқылы баспанаға мұқтаж азаматтарға таратуға бағытталған әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуына байланысты туындады". "Бұл толықтыру жергілікті атқарушы билікке көп қабатты тұрғын үйлердегі жекелеген қараусыз қалған пәтерлерді, тұрғын үйлер мен кварталдарды соттың шешімімен коммуналдық меншікке беру арқылы тұрғын үй қорын сақтап қалу және оларды жеңілдікпен баспана берілуге тиіс азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді",- дейді жоба авторлары.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны