01.06.2011, 14:53 3410

Мәжіліс тұрғын үй қатынастары жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің шарттары мен тәртібін, және тұрғын үйлерді жекешелендіру тетіг мен азаматтарды апатты үйлерден көшіру тәртібін нақтылауды көздейді.

Астана. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Бүгiн пленарлық мәжiлiсте ҚР Парламент Мәжiлiсі депутаттары "Тұрғын-үй қатынастары мәселелері бойынша ҚР кейбiр заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын екiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң жобасының негізгі мақсаты - коммуналдық тұрғын үй қоры, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қоры және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорында мемлекеттік тұрғын үй қорының аражігін ажыратудағы тұрғын-үй қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің шарттары мен тәртібін, және тұрғын үйлерді жекешелендіру тетіг мен азаматтарды апатты үйлерден көшіру тәртібін нақтылауды көздейді.

Заң жобасы 2011 жылдың 2 наурызында бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны