08.01.2014, 18:25 3798

Мәжіліс түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қаржылық ережелері туралы келісім жұмысын қабылдады

Келісімнің өз күшіне енуі Қазақстан мен өзге де түркі тілдес мемлекеттердің саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және өзге де салалардағы жан-жақты ынтымақтастығына жаңа қарқын бермек.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қаржылық ережелеріне қатысты заңнаманы ратификациялау жұмысын қабылдады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

"Аталмыш келісімге қол қою ТМЫК Хатшылығы қаржылық-шаруашылық қызметін енгізудің негізі болды. Келісімнің өз күшіне енуі Қазақстан мен өзге де түркі тілдес мемлекеттердің саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және өзге де салалардағы жан-жақты ынтымақтастығына жаңа қарқын бермек", - делінген хабарламада.

Келісім талаптарына сай, ТМЫК Хатшылығы бюджетінің орындалуы мен құрылуы, қаржыландыру көздері анықталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны