17.06.2009, 17:44 3248

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы және заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы және заңнамаға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, меншіктің барлық түріндегі органдар мен азаматтардың құқық бұзушылығының алдын алу істерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін нақтылайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтың ерекше түрі болып табылады.

Ал "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" заңға түзетулер енгізу көзделді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны