17.11.2009, 14:18 2706

Мәжіліс "Ийелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Ийелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" заң жобасын мақұлдады

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Ийелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Айта кету керек, заң жобасына Мәжілістің үшінші шақырылымының депутаттары Бекен Илімжанов, Бағила Баймағамбетова, Владимир Бобров, Валерий Доскалов, Зәуре Қадырова, Дария Клебанова, Виктор Егоров, Күләш Ағатаева, Мұрат Кәрімов, Динар Нүкетаева, Серік Оспанов, Вера Сухорукова, Елена Тарасенко, Михаил Трошихин, Ғаділбек Шалахметов және сенаторлар Светлана Жалмағамбетова, Нұрлығайым Жолдасбаева, Бексұлтан Тұтқышев бастамашылық жасап, 2006 жылы Парламенттің қарауына ұсынған болатын. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан да әйелдер мен еркектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір жетістікке жетті. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы Конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның "Ийелдердің саяси құқықтары туралы" және "Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы" Конвенциялары, азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы және басқа да халықаралық пактілер ратификацияланды. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі барлығы 60-тан астам халықаралық шарттарға қосылды.

Алайда, Қазақстанда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы гендерлік теңдік пен әріптестік ынтымақтастыққа жағдай жасайтын нормативтік құқықтық акті жоқ. Осыған байланысты депутаттар "Ийелдер мен еркектердің тең құқықтары мен бірдей мүмкіндіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу кажеттілігі туындағанын ескертеді.

Заң жобасы әйелдер мен еркектердің әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы, білім беру мен ғылым саласындағы және қоғамдық-саяси өмірдің басқа да салаларындағы теңдігі кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова күн тәртібіне шығарылған мәселелер жөнінде өз ойын ортаға салды. Ол әйелдер құқығын қорғау, әсіресе, жұмыс орнынан қысқартылып кету мәселесі алдағы уақытта дайындалып жатқан Еңбек кодексіне толықтырулар енгізген кезде қарастырылатынын айтып өтті.

Біздің қоғамда әйел мен ерлердің құқықтарына қатысты тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер өте көп екені анық. Мәжіліс депутаттары соның барлығын заң жолымен реттеу қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны