25.04.2007, 14:02 2509

Мәжіліс Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады


АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді",- деп түсіндірді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген әділет вице-министрі Дәулет Құсдәулетов.

Атап айтқанда, оның айтуынша, енгізілген түзетулер әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрамын белгілеуді ұсынады.

Сонымен қатар, вице-министр заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жекелеген істерді қарау кезіндегі мемлекеттік органдардың құзіреті нақтыланып, әкімшілік айыппұлдардың көлемінің ауқымы қарастырылғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны