31.01.2007, 15:13 6503

Мәжіліс Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің алқа отырысында депутаттар "Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" заңға өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев заң жобасын депутаттарғы таныстыра отырып, түзетулердің "Бюджеттік кодекстің қабылдануына байланысты" енгізіліп отырғанын айтып өтті.

"Бюджеттік кодекстің 15-бабына сәйкес мемлекеттік мұрағаттың ақылы негізде көрсетілетін нақты қызмет және жұмыс түрлері белгіленген", - деді Е. Ертісбаев.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік мұрағаттың ақылы негіздегі қызмет көрсетуі басқа нормативтік-құқықтық құжаттармен, атап айтқанда үкімет қаулылары, министрлердің бұйрықтары негізінде белгіленіп келгенін, атап өтті.

"Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы" заңға өзгертулер енгізу туралы" заң жобасы сенат қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны